Таразда Референдумда белсенді жұмыс атқарған азаматтар марапатталды. Аталған саяси науқанда жоғары жауапкершілік танытып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және референдумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқандарға Президенттің алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты жиында саяси науқанда белсенділік танытып, алдыңғы шебтен көрініп, ауқымды үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын атқарған азаматтарға алғыс айтылды. Әділетті, Қуатты әрі Прогрессивті мемлекет құру жолында маңызды қадам жасалып, қолға алынған өзгерістердің игілігін ең алдымен өңір тұрғындары сезінетіні жеткізілді.