Табиғат пен заң бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Дегенмен қазіргі таңда табиғатқа, оның мүлкіне бей-жай қарайтындар азаймай тұр. Осылай деген табиғат жанашырлары «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Жуалы ауданы, Теріс су қоймасының басында жиын өкізді.
Қай жерде болмасын тазалық пен тәртіп бірінші орында. Дегенмен табиғаттың берген сыйлығына немқұрайлы қарайтындар қатары көп. Дәл қазір балықтардың уылдырық шашатын маусымы. Мұндай уақытта балық барымташыларының заңсыз әрекеттері де ушығып кететіні бар.