Өткен аптаның соңғы күндері ұйымдастырылған екі күндік рейдтік шарада, Тараз қаласының өзінде 1500 ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Аталған факт полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейдтік шаралар барысында анықталып отыр.
Үстіміздегі жылдың 27-28 наурыз күндері полиция қызметкерлерімен жүргізілген түнгі рейдте, облыс көлемінде полиция бөлімдеріне түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 1005 адам жеткізілді. Түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 6 мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түрлі санаттар бойынша 95 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.