Меркі ауданында «Байсары-2026» аймақтық асыл тұқымды қойлар жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Ауқымды шараға Жамбыл облысының барлық аудандарынан, Тараз қаласынан, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарынан келген шаруалар қатысты.

Жәрмеңкеде елімізде ауқымды танылып келе жатқан «Байсары» қой тұқымының үздік үлгілері ұсынылды. Шопан ата түлігі сала мамандары мен қатысушылардың қызығушылығын тудыртты. Бұл шара өңірдегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетті.