Жаңа Конституция бойынша, бір палаталы Парламент жасақталады. Ол «Құрылтай» деп аталады. Заң шығарушы органда 145 мандат болып, депутаттар пропорционалды жүйемен бес жылға сайланады.Бұл жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуына ықпал етіп, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады,-дейді депутаттар.

Бір палаталы Парламент – басқару жүйесін жеңілдетіп, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен заң шығарушы органның шешім қабылдау үдерісі жеделдей түспек. Қазіргідей Мәжіліс мақұлдап, Сенат қайта қарап, кейде кері қайтарып отыратын көпсатылы жүйе уақытты созатыны рас. Дәлірек айтқанда, халық алдында жауапкершілік еселеп артады әрі заң жобалары тез қаралады.