Көшеге қоқыс тастамаңыз! Бейнебақылау камераларына түсіп қалуыңыз мүмкін. Аймақта тазалық талаптарын бұзып, қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді. Полиция қызметкерлері профилактикалық рейд өткізіп, бейнебақылау камераларының көмегімен заңсыз әрекеттерді анықтауда.
Жыл басынан бері белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың 145 дерегі тіркелген. Барлық құқық бұзушылар анықталып, тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мәселен, кейбір азаматтар көлік ішінде отырып темекі тұқылын сыртқа лақтырса, енді бірі тұрмыстық қалдықтарды кез келген жерге шашып кеткен. Қазіргі таңда мұндай әрекеттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер тұрғындарды қарапайым тазалық ережелерін сақтауға және қоқысты арнайы орындарға тастауға шақырады. Ережені бұзғандарға заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.