Тараз қаласында полиция мен тұрғындар арасында ашық диалогқа негізделген ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жеңіс саябағында болған жиын «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен біргеміз!» атты ұранымен өтті. Шараға жергілікті атқарушы органдар, прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен қала тұрғындары белсенді қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – құқықтық тәртіпті сақтау ісінде халық пен полиция арасындағы байланысты нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев өз сөзінде қоғамдық қауіпсіздік әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, тиімді нәтиже тек бірлескен әрекет арқылы ғана жүзеге асады.