Ертең көлік салығын төлеудің соңғы күні. Яғни көлік иелері 1 сәуірге дейін салық төлеуге міндетті. Жалпы, өңірде 2025 жылға тіркелген 340 мыңға жуық көлік құралына сәйкес, 208 мыңнан астам жеке тұлғаға салық міндеттемесі жүктелген. Ал есеп бойынша бюджетке түсуі тиіс қаражат көлемі 6,6 млрд теңгеге жуықтайды, бұл аймақ қазынасының маңызды кіріс көздерінің бірі саналады.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, 2025 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін белгіленген. Бұл мерзім барлық жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады және уақытылы төлем жасау айыппұлдар мен берешектің алдын алады. Сонымен қатар, салық мөлшері көліктің қозғалтқыш көлемі, түрі және иелік ету мерзіміне қарай есептеледі.