Күні кеше «банк қызметкеріміз» деп алдағандар, бүгінде тіпті жақындарыңыздың дауысын салып, көмек сұрауға дейін барады. Жасанды интеллектіні игерген қаскөйлер аудио мен бейнені қолдан жасап, алдаудың жаңа тәсілін меңгерген. Сырттай қарағанда бәрі шынайы: дауыс таныс, сөз нанымды. Алайда оның астарында - айла мен есеп жатыр.
Жауаптылардың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері аймақта интернет-алаяқтықтың 169 дерегі тіркелген. Цифрлы технологияның қарқынды дамуы тек қоғамды емес, қылмыс әлемінің де тәсілін түбегейлі өзгерткен.