28 наурызда еліміз Дүниежүзілік «Жер сағаты» акциясына – 16 – шы рет қатысты. Оған өңірдің барлық аудандары бір кісідей атсалысты. Мәселен, Шу ауданы биыл үшінші рет қатысып отыр. Дәстүрге айналған игі шара аясында аудан халқы да жарықты бір сағатқа сөндіріп, Жер – ананы қорғауға өз үлестерін қосқан.

Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Ауданда өткен акцияны «Балалар-жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығы» кәсіпорны ұйымдастырды. Бұл мекемеде аудан бойынша 2 441 оқушы болса шараға 400-ге тарта оқушы атсалысқан. Бүгінде кәсіпорын 5-бағытта жұмыс жүргізіп отыр.