Биыл Жамбылда 2 мың жасты «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау жоспарланып отыр.Осылайша, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері уақытша жұмыспен қамтылады. Олар қала мен ауылдарда жаз бойы тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясына да үлес қосады.
Жасыл ел еңбек жасақтары – экологиялық таза және өнімді жұмыс істеуге ынталандыратын қоғамдық ұйым.Бұл бастама арқылы жастарды жаз мезгілінде жұмыспен қамтылып,еңбекке араласып, қоршаған ортаны көгалдандыру мен абаттандыруға атсалысады.Еңбеккер жастардың жасағы биыл 22-ші жұмыс маусымын салтанатты түрде ашық деп жариялады. Ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, жасақ мүшелеріне сәттілік тіледі.