Сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығында елімізде Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында көтерген. Саммитке қазірдің өзінде 3 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Оның мыңнан астамы - шетелдік сарапшылар. Ауқымды шарада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен декларация қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ, өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында 30-дан астам меморандумға қол қойылмақ. Бұған қоса, саммит аясында «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Айта кету керек, аталған жиынды өткізуге Біріккен Ұлттар ұйымы және халықаралық қауымдастықтар қолдау көрсетіп отыр.