«Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғалы бері аймақта қоршаған ортаға қастандық жасаған қаскөйлерге 230 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу және белгіленбеген орындарда қоқыс тастау фактісі бойынша 38,7 мың дерек тіркелген. Демек, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі әлі де болса өзекті. Аппараттың кезекті мәжілісінде жалпыұлттық іс-шараның өңірде өту барысы талқыланды.
Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жауаптылықты арттыру, экологиялық сауаттандыру, энергия мен суды үнемді тұтыну, қоршаған ортаны сақтау, жасыл желектерді отырғызу, экологиялық акциялар өткізу – бұлардың барлығы «Таза Қазақстанның» негізгі бағыттары. Өңірлік жоспар аясында 47 іс-шара жоспарланса, былтыр солардың көпшілігі іске асырылды.