Бүгін «Әулиеата» ауданының әкімі Барлық Төреханов халықпен есепті кездесу өткізді. Бұл ауданға қарасты 5 округ бар десек, аталған кездесу 3-ші аумақтық округ тұрғындарымен ұйымдастырылды. Мұндағы басты мәселе - Қаңғыбас иттердің көбеюі, жол, тазалық және көше жарықтары мәселесі.
Бұл кездесу билік пен бұқараның бір мезетте үндескен күні болды. Нөмірі 3-ші округте 33 мыңға жуық тұрғын бар. Қоғаммен ашық диалогта күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді көпшілік жайып салды.
Мәселен қазір, бұл аумақта қаңғыбас иттердің көбеюі өзекті мәселе. Олардың беймезгіл уақытта қарғыбаусыз жүруі қарапайым халықтың жүріп-тұруына қиындық тудыртатыны анық.