Таразда жастар тәрбиесі мен есірткінің зияны тақырыбында кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты -студенттер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау.

Білімгерлермен кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты. Құқық қорғау органдары жастарды синтетикалық есірткіні қолданудың адам денсаулығына және болашағына тигізер зиянын түсіндіріп, заңсыз айналымға қатысты қылмыстық жауапкершілік жөнінде ақпарат берді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай іс-шаралар жастармен диалог орнатып, қауіп-қатерді алдын -алуда маңызы зор.