Меркі ауданында мемлекеттік гранттың игілігін көрген кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың бірі – Ойтал ауылының тұрғыны Жиенбай Бердібаев. Негізгі мамандығы автомеханик болғанымен, ол жиһаз жасауды табыс көзіне айналдырған.

Кәсіпкер бұл салада он жылдан астам тәжірибе жинаған. Қазіргі таңда корпустық және жұмсақ жиһаз түрлерін дайындап, қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Тапсырыс көбейген уақытта, қосымша екі адамды жұмыспен қамтып отыр.