Жамбыл облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың жағдайын жақсартуға бөлінетін қаражат жылдан жылға артып келеді. Биылдың өзінде 9,3 млрд теңгені құрады. Яғни, 12% -ға өскен. Әйткенмен, әлі де болса, әттеген-ай дейтұғын тұстар аз емес. Арнайы жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бірталай кемшіліктер анықталып отыр. Облыстық мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясында депутаттар назарға алынуы тиіс мәселелерді тізіп берді.

Әлеуметтік осал топтарға қызмет көрсететін мамандардың жалақысының аздығы - саладағы ең бірінші мәселе. Салдары белгілі, кадр тұрақтамайды. Мекеме басшылары тарапынан бақылаудың жоқтығынан көп кемшіліктер кетіп жатыр.