«Стресс және балалар: Ата-аналар не білуі керек?» атты психологиялық кездесу өтті. Онда бала психологиясындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – балалардағы стресс себептерін түсіндіру, оның белгілерін анықтау және ата-аналарға нақты көмек көрсету жолдарын ұсыну.
Кездесуде отбасы тәрбиесінің рөлі айтылып, балаға дұрыс көңіл бөлу – оның болашақ тұлға болып қалыптасуының негізі екені сөз етілді. Ата-аналарды балаларымен жиі сөйлесуге, олардың ішкі жан дүниесін түсіну керектігі айтылды. Сондай-ақ, қатысушыларға стресс ұғымы жан-жақты түсіндірілді. Стресс – баланың ішкі күйзелісі, ол түрлі факторлардың әсерінен туындайды.