Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,2 пайызға төмендеген. 67-ден 30 дерекке дейін азайыпты.

Есепті кезеңде полиция органдарына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 1 166 арыз-өтініш түскен. Олардың басым бөлігі бойынша тиісті шаралар қабылданды.Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен өткен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында айтылды.