Меркі ауданында көктемгі дала жұмыстары биыл да ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ауыл шаруашылығы саласында қызу тіршілік басталды. Диқандар әр күннің қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, егіс алқаптарында тынымсыз еңбек етуде.

Аудан бойынша биыл күздік дақылдар 29 мың гектар алқапқа егілген. Қазіргі таңда жаздық дақылдарға 42 мың гектар жер дайындалып, оның ішінде 24 мың гектарға арпа егу жоспарланған. Бүгінде соның 12 мың гектарына арпа себіліп үлгерген. Сонымен қатар, 3,5 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егу жоспарланып, бұл бағыттағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде.