Облыста көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Биыл облыс бойынша 665 мың гектар жер игерілмекші. Бұл өткен жылмен салыстырғғанда 25,5 мың гектарға артық. Бүгінде жер жырту, егін егу сияқты қат-қабат жұмыстарға Мойынқұм ауданының шаруалары да кірісіп кетті.

Мойынқұм ауданында көктемгі дала жұмыстарын алғашқылардың бірі болып бастаған Асқар шаруа қожалығында 40 гектар жерлері бар. Оның жартысы тәлімдік болса, 20 гектары суармалы. Қазір алқапта қызған жұмыс. Жер жыртылып, егін егіліп жатыр. Мұнда басымдылық мал азығы - көп жылдық шөп пен жүгеріге берілуде.