«Тараз» кәсіпқой футбол клубы 1960 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында бұл ұжымнан Сейділдә Байшақов пен Евгений Яровенко сияқты халықаралық деңгейдегі майталмандар тәрбиеленіп шыққан. Кеше «Тараз-Арена» спорт сарайында «Тараз» футбол клубының 2026 жылға арналған жаңа құрамының таныстырылымы өтті.

Жамбыл облысы қазақ футболының қара шаңырағы. Себебі біздің өңірден небір мықты аяқ доп шеберлері шыққан. Жаңа маусымның ашылуында арнайы сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов спорт сүйер қауымға ізгі тілегін білдіріп, жас спортшыларға сенім артты.