Ұлттық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі. Шу ауданындағы балабақшалар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сайыс өтті. Онда салт-дәстүрлерден қойылымдар қойылып, көпшілікке көрме ұсынылды.

Сайыс жеті кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, «Ақыл-білім», «Берен мылтық», «Жүйрік ат», «Құмай тазы», «Сұлу әйел», «Қыран бүркіт», «Ер жігіт». Қатысушылар әр кезеңде өнер, білім және дәстүрге байланысты тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін көрсетті.