Мәтібұлақ полигонында ауқымды оқу-жаттығу басталды.Оқу-жаттығуға қатысу үшін Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригадасының жауынгерлері 500 шақырымды еңсеріп келді.

Оқу-жаттығу жоғары жауынгерлік дайындықтан басталды. Яғни, дабыл бойынша жиналу, қару-жарақ пен техниканы қабылдау, жеке құрамды толық жарақтандыру. Бұл алғашқы кезеңнің негізгі міндеттері. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты екі бригада көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында шартты түрде бір-біріне қарсы әрекет етеді. Сондай-ақ, бригада командирлері мен құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы бөлімшелердің іс-қимыл жоспарын баяндап, өз есептерін ұсынды.