Тараз қаласында қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған маңызды профилактикалық шара өтті. Іс-шараны Жамбыл облыстық полиция департаменті мен қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бастаманың негізгі мақсаты – заң мен тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шара аясында қала көшелерінде есірткі заттарын заңсыз жарнамалайтын граффити жазуларды жою жұмыстары жүргізілді. Бұл әрекет қала келбетін жақсартып қана қоймай, қауіпті ақпараттың таралуына тосқауыл қоюға мүмкіндік берді. Сонымен қата, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.