Елде жер ресурстарын басқару үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылады. Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында айтылды. Цифрлық платформада жер учаскелерінің аумағынан бастап геоботаникалық деректерге дейін болады. Бұл шаруаларға егінге кіріспей тұрып топырақтың құнарлығы жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша олар жылдағыдан еселеген көлемде өнім жинай бастайды, дейді мамандар. Жоба Ақмола облысында сынақтан өтіп жатыр. Жыл соңына дейін республика бойынша қолданысқа енеді.