Бүгін «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың туған күні. Лаңкестің қолынан қаза тапқан ержүрек полицей тірі болғанда 55 жасқа толар еді. Туған күніне орай Жамбыл жұртышылығы батырдың ескерткішіне гүл қойып, рухын тағзым етті.

2011 жылы 11 қарашада Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тапты.Бүгін оны еске алуға әріптестері, жақындары,жұбайы мен ұлы келді.Оның жарқын бейнесі мен жанқирялық ерлігін еске алды.