Шу ауданында қос қуаныш. Өйткені, тоғыз жолдың торабында екі бірдей заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Оның бірі Шу қаласында орналасса, екіншісі Бірлік ауылында ашылды. Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа ғимараттардың жанында тал отырғызылды.

Шу қаласында Қазақстан халқына қоғамдық қорының қаржыландыруымен заманауи «Жігер» спорт кешені пайдалануға берілді. Жалпы құны 170 млн теңгеден асатын ангар типтегі спорт нысаны футбол, волейбол, баскетболмен жаттығу залы қамтылған. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі арнайы қатысып, ғимараттың лентасын қиды.