Жамбыл ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталықта Мария Монтесори әдістемесі қолданылатын бұл кабинет баланың өз бетінше дамуына жол ашады. Мұндағы әр құрал ойлау қабілетін, моториканы, логиканы дамытады. Кабинетті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен 3 млн 200 мың теңгеге жабдықтап беріп отыр.

Қадірәлі бұл орталыққа 4 жыл бұрын ақыл-ойы тежелу, мінез-құлқындағы өзгеріс, тілі дамымау сынды ақаулармен келген-тін. Қазір жасы сегізде. Мекеме мамандарының қажырлы еңбегінің арқасында біраз оң нәтижеге қол жеткізілген.