Меркі ауданында балалар тәртібі – күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан, кезекті рет «Жасөспірімдерді тәрбиелеудегі өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті. Жиынға білім саласының өкілдері, психолог мамандар мен медицина қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, мінез-құлық ауытқулары, ерте жүктілік, суицидтің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.