Жамбыл ауданында биылғы көктем шаруалар үшін табысты басталды. Дәл қазір көктемгі мал төлдету науқаны жоспарға сай ұйымдастырылып, жоғары қарқынмен жүргізілуде. Қыстан аман шыққан төрт- түлік төлдеп, шаруалар тынбай еңбек етуде.
Қыс мезгілінде мал қыстату жұмыстары толық қамтылып, қажетті жем-шөп қоры алдын ала дайындалған. Соның нәтижесінде төрт- түлік шығынсыз қыстан шыққан. Бүгінде төл алу көрсеткіштері де көңіл қуантады. Мал төлдету жұмыстарына белсенді кіріскен шаруалардың бірі «Шерхан» шаруа қожалығы.