Облыс орталығында алғаш рет велоспорттан республикалық жарыс шымылдығын түрді. Бұл дода халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дінмұхаммед Ұлысбаевті еске алуға арналған.

Дінмұхаммед Ұлысбаев – велоспорттан 2 дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстандық велошабандоз 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанған. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанып, бңрқатар марапатқа ие болған. Аталған жарысқа еліміздің түкпір – түкпірінен келген 2010 – 2011 жылдары туған жас спортшылар қатысуда. Жарыс велоспорттың тас жол бағыты бойынша ұмымдастырылған.