Өңірде халықты жұмыспен қамту бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетіп отыр. Ағымдағы жылы 42 875 жұмыс орнын құру жоспарланса, оның 4 847-сі ашылып, жоспар 11,3%-ға орындалған.
Жалпы жыл басынан бері мансап орталығына 6099 жас жүгініп, олардың 2000 - ға жуығы жұмыспен қамтылған. Ал «Еңбек.kz» сайтына 14 442 бос жұмыс орны тіркелсе, оның 4 728-і жастарға арналған. Жұмысынан айырылған 5 394 азаматқа әлеуметтік төлем тағайындалған. Сондай-ақ ағымдағы жылдың жоспары бойынша президент тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша өңірде 6 750 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінге дейін бұл жоспар 20,7%-ға орындалған. Өңірдегі оң нәтижелерді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары баспасөз конферециясында баяндады.