Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы қос ел арасындағы ынтымақты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды рөліне жоғары баға берді. Өз кезегінде, елші Файсал Әл-Кахтани, Сауд Арабиясының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де талқылады. Елші Қазақстанның қолдауына ризашылық білдіріп, Түркістанда бітімгерлік келіссөздер өткізу бастамасын құптады.