Азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген тұлға қалыптастыру - «Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басым бағыты. Аталған адами құндылықтарды бала кезден қалыптастыру аса маңызды. Осы орайда Таразда мектепке дейінгі білім беру педагогтері бас қосып, заманауи технологияларды тәрбие мен тәжірибеге енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қамқорлық, адалдық, еңбексүйгіштік секілді дағдыларды ерте жастан қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы балабақшадағы тәрбие мен білім беру процесіне енгізілген. Семинарға шақырылған педагогтерге №16-шы бөбекжай бақшасының инновациялық әдіс-тәсілдері ұсынылды.