Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны Серік Әтішов жылыжай шаруашылығын қолға алды. Олар өз ауласындағы жерлерін бос жатпасын деп, тиімді пайдалану мақсатында ешқандай мемлекеттік грантсыз, өз күштерімен осы кәсіпті бастаған. ⠀

Жылыжайда маусымға сай әртүрлі сұрыптар егіліп, өнім алу жүйелі жолға қойылған. Қазіргі таңда 1500 түп көшет отырғызуға дайын тұр. Жиналған өнімдер алдымен ауыл тұрғындарын балғын көкөніспен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, тапсырыс негізінде аудан орталығына да жеткізіліп отырады.