Бүгін Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы мен ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Оқуға құштар жүректер» атты облыстық байқауы өтті. Жыр додасына барлық аудандардан іріктелініп алынған 10 үміткер қатысты.
Иә, осылайша байқауға қатысқан дарынды жастар білімдері мен шығармашылық қабілеттерін өзара сынға салды. Дода бірнеше кезеңге бөлінді. Соның ішінде ең тартысты өткені Ыбырай Алтынсарин мен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларан мәнерлеп оқу.