Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аудандарда жалғасуда. Мәселен, Саудакент ауылындағы Орталық саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке аудандық "Жастар ресурстық орталығының" белсенді еріктілері қатысып, саябақ аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, еріктілер талдарды әктеп, қоқыстан тазартып,айналаны ретке келтірді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков сөз сөйлеп,тазалық жұмыстарының маңыздылығын айта кетті. Аталған акция аясында аудан ақсақалдары да қалыс қалған жоқ. Жастарға ризашылығын білдірген – қариялар көпшілікті акцияға белсенді қатысуға шақырды. Себебі, тазалық –баршаға ортақ игілік!