Шу қаласында таеквондодан тартысты дода өтті. Ол Қазақстан Республикасы Таеквондо федерациясының негізін қалаушы, қара белбеу иегері, жетінші дан дәрежесі бар шебер Мұстафа Өзтүрік рухан арналды. Ашық турнирге еліміздегі 200-ден аса шығыс жекпе жегінің шеберлері қатысты.

Ауқымды жарысқа Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Тараз бен Шу қалаларынан келген командалар қатысты. 7–17 жас аралығындағы таеквондошылар өз шеберліктерін көрсетті. Екі күнге созылған турнир тартысты жекпе-жектерге толы болды.