«Рақмет саған, туған ел». Осындай тақырыппен ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының 75 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеште ақынның әуезді әндері шырқалып, замандастары естеліктерімен бөлісті.

Кеш шымылдығы Талас аудандық халық театрының сахналық қойылымымен ашылып, көрермендерге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынылды.