Көктем кештеу келетін Сарысу ауданында тазалық жұмыстары жалғасуда. Түркістан ауылдық округінде "Таза Қазақстан" Республикалық акциясы аясында игі іс шара ұйымдастырылды.
Әйгілі Арыстанды шатқалына ауыл әкімдігі бастап, ауыл тұрғындары қостап Сенбілікке барды. Олардың қатарында түрлі этнос өкілдері мен белсенді жастар болды. .Ауыл ақсақалдары да ізгі тілектерін арнап, ақ баталарын берді: - Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып отырған аталмыш акция ұйымшылдыққа, ынтымақ пен ұйысқан бірлікке жетелейді, - деп атап өтті қариялар. Тазалық жұмыстары барысында шатқал тазаланып қалды. Ал, қатысушылар табиғатты аялауға үлес қосу – ортақ міндет дейді.