Таразда Жамбыл облысының креативті индустрия өкілдері, кәсіпкерлер және дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің бас қосуымен Silk Way fashion Experience өңірлік фестивалі өтті. Оған Қазақстан мен Қырғызстан сарапшылары қатысып, өз тәжірибиелерімен бөлісті.
Фестивальде "Кәсіпкерлік және креативті индустриялар" іскерлік форумы өтті. Онда арнайы шақырылған сарапшылары мен елімізге белгілі дизайнерлер тәжірибиелерімен бөлісіп, жетістікке жетер жолы айтты.