Өткен сенбіде республика көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Игі бастамаға Жамбылдықтар да белсене қатысты. Мәселен,Тараздағы «Қызыл-Абад» тұрғын алқабына 10 гектар жерге 10 мың түп қарағаш егілді. Осылайша, бұл аймақ алдағы уақытта жасыл- желекке айналмақ.

Экологиялық акцияға Тараздағы барлық мекеменің қызметкерлері мен ардагерлер және жастар қатысты. Оның ішінде облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің өзі де келіп, ел қатарлы тал отырғызды.