Облыстың жер көлемі жағынан 3/1 бөлігін алып жатқан Мойынқұм ауданының шаруалары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде жауапты науқанның мал төлдетудің қызған шағы. Өңірде 200 мыңнан астам мал болса, оның аналық бастарының 90 пайызы төл өрбітіп те үлгерген.

Қызылтал ауылдық округіне қарасты Көкжиек ауылындағы Нұртөре шаруа қожалығында 600 бас саулықтың 400-ден астамы төлдеп үлгеріпті. Олардың ішінде егізден тапқандары да бар. Бұлар ерекше күтімге алынып, жеке ұсталуда.