Шу ауданында “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының кезекті маусымы басталды. Биыл да белсенді жастар экология, құрылыс және еріктілік бағытында еңбек етуге ниетті. Бұл бастама – тек жұмыс көзі ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға қосылған нақты үлес.
Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейді. Әрбір азамат өз айналасына жауапкершілікпен қарағанда ғана қоғам көркейеді. Осы бағыттағы жұмыстар Шу ауданында қарқын алды.Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “ Жасыл ел” бағдарламасы аясында биыл 50 жас жұмыспен қамтылмақ. Олардың қатарына студенттер, жұмыссыз жастар және пробация есебінде тұрған азаматтар бар. Бұл – түрлі санаттағы жастардың қоғам өміріне бейімдеудің тиімді жолы.