Таразда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтті. Білімгерлер Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәндері бойынша өзара бақ сынады.

Бұл олимпидада дарынды оқушылар анықталып, олардың интеллектуалдық және ғылыми әлеуеті байқалады. Сондай-ақ педагогтер аталмыш іс-шара негізінде оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын байқап, халықаралық жарыстарға қатысатын құрама команданы жасақтайды. Білім жарысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 270 оқушы қатысты.