«Байтақ» жасылдар партиясының V облыстық конференциясы өтті. Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылып, оған делегаттар, партияның орталық аппаратының өкілдері және онлайн байланыс арқылы қосылған өңірлік филиалдар қатысты.

Конференцияға арнайы келген «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Жамбыл облыстық филиалының тұрақты даму қарқынын, экологиялық күн тәртібіндегі белсенділігін және қоғамдық сенімнің артуын атап өтті. Жиында партияның 2026 жылға арналған негізгі міндеттері де айқындалды. . Олардың қатарында өңірлік деңгейде экологиялық саясатты күшейту, бастапқы партия ұйымдарын дамыту, жастар мен қоғамды кеңінен қамту, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын іске асыру бар. Конференцияда Жамбыл облыстық филиалының басшысын сайлау болды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл лауазымға бірауыздан Нұрсұлтан Өмірбаев сайланды.