Жамбыл облысы мемлекеттік басқаруды цифрландыруда көшбасшы мәртебесін нығайтып келеді. Бүгінде барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы бұрынғыдан да ашық. Әрбір бюджет теңгесі мен әлеуметтік нысандар құрылысының әр кезеңі бірыңғай ақпараттық жүйеде нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Цифрландыру — тек бағдарламалық қамтамасыз ету емес, нақты жобалар. 2025 жылы облыста 253 жоба аяқталды. Ал биыл жүйеде 146 жаңа бастама тіркелген.

Соның ішінде Шу мен Талас аудандарында денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жұмыстары бар. Құрылыс жұмыстары 30%-ға орындалған. «Қолжетімді интернет» жобасы аясында бес ауданның шалғай ауылдары байланыспен қамтылады. Ал екі миллиард ағаш отырғызу бағдарламасы толық цифрландырылып, әрбір көшетке дейін бақылауға алынған.Келесі кезең — жасанды интеллект енгізу. Ол мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс тиімділігін автоматты түрде бағалап, бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.