Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Нәтижесінде қала аумағына түнгі рейд өткізілді.
Гарнизондық саптан кейін Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған рейдке шықты. Полиция патрульдері қоғамдық орындарды, ойын-сауық мекемелерін және қаладағы үлкен жолдарды қамтыды. Рейд барысында 823 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Түнгі уақытта жасөспірімдер үйден тыс жерде жүргені үшін 69 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін 39 адам жауапқа тартылды. Рейдтік іс-шарада жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады.Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері анықталды. Мәселен, 12 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, 78 автокөлік айып тұраққа қойылды.