Еңбек адамдарына деген қоғамның құрметі жоғары. Олар маңдай тердің арқасында бүгінгі дәрежесіне жетіп отыр. Сондай жанның бірі Тұрсынхан Нұрбаев. Кейіпкеріміз Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында тұрады. Қәзір зейнетте. Дінмұхаммед Қонаев ақ батасын беріп, жұмысын жоғары бағалаған.

Тұрсынхан Мұхамедхалиұлы 1946 жылы 22 ақпанда қәзіргі Байзақ ауданына қарасты Қызыл жұлдыз ауылында қарапайым шаруаның отбасында өмірге келді. Әкесі Нұрбаев Мұхаметқали - Социалистік Еңбек Ері,. Аядай ғана ауылдан 9 бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан.